Допингке байланысты дисквалификациядан кейін қазақ футболшысы ҚПЛ-де жаңа клуб тапты

Допингке байланысты дисквалификациядан кейін қазақ футболшысы ҚПЛ-де жаңа клуб тапты
Футбол

ФК “Қайрат”

Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Айбол Әбікен мансабын “Қайсар” клубында жалғастырады, деп хабарлайды Bassport.kz.

Meta-ratings.kz ақпаратына сәйкес, футболшы қызылордалық командаға Түркиядағы оқу-жаттығу жиынында қосылған. Бұған дейін Әбікен “Қайрат”, “Ақсу” және “Ордабасы” клубтарында ойнаған.

Еске сала кетейік, 2022 жылдың жазында Айбол Әбікен антидопинг ережелерін бұзғаны үшін төрт жылға футболдан шеттетілген болатын. Оның сынамалары тыйым салынған заттың бар екенін көрсеткен. Кейіннен жазаның мерзімі қысқартылып, Әбікен футболдан екі жылға ғана шеттетілді.