Ризабек Айтмұхан Қазақстан жерінде ойсырай жеңілді
Күрес
UWW
Еркін күрестен әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан Дінмұхамед Қонаевты еске алуға арналған халықаралық турнирдің финалына шыға алмады.
97 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Айтмұхан алғашқы кездесуінде жерлесі Иманғали Қалдыбекті жеңгенімен, жартылай финалда 26 жастағы америкалық Джонатан Леонардо Айеллоға 9:12 есебімен жеңіліп қалды. Айта кетерлігі, Ризабек белдесудің басында 8:0 есебімен алда тұрған.
Енді Айтмұхан турнирдің үшінші орны үшін күресуге мүмкіндігі бар.
Еске сала кетейік, аталмыш турнирға Қазақстан, АҚШ, Қырғызстан, Австралия, Бразилия, Өзбекстан, Ресей, Моңғолия, Қытай спортшылары қатысуда.