Қазақстандық төрешілер УЕФА Конференция лигасы матчында қызмет етеді

Қазақстандық төрешілер УЕФА Конференция лигасы матчында қызмет етеді

KFF

Қазақстандық төрешілер тобы УЕФА Конференция жалпы кезеңінің бесінші тур матчына тағайындалды, деп хабарлайды BasSport.kz Қазақстан футбол федерациясына сілтеме жасап.  

 Саят Қарабаев бастаған төрешілер бригадасы УЕФА Конференция лигасы екінші іріктеу кезеңі аясындағы «Динамо» Минск (Беларусь) мен «Ларн» (Солтүстік Ирландия) арасындағы алғашқы матчта қызмет етеді. Оған Алексей Долгих пен Дмитрий Белоградов көмектессе, төртінші арбитр ретінде Данияр Сахи жұмыс істейді.

Ойын 12 желтоқсанда Әзербайжанның Сумгайт қаласындағы «Мехти Гусейнзаде» стадионында Қазақстан уақытымен 22:45-де басталады.