ХОК президенті Қазақстан бокс федерациясына ультиматум қойды

Sportbox
Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) Халықаралық бокс қауымдастығын (IBA) Олимпиада ойындарында бокс жарыстарын ұйымдастыруға жарамсыз деп тапты, деп хабарлайды Bassport.kz.
ХОК президенті Томас Бахтың мәлімдеуінше, IBA ұйымы енді Олимпиада қозғалысының бір бөлігі бола алмайды. Бұл шешім бірнеше себепке байланысты қабылданғанын мәлімдеді.
– Барлығы ұлттық федерациялардың шешіміне байланысты. Олар спортшыларға Олимпиада медальдары үшін күресуге мүмкіндік беруді қалайды ма, жоқ па – соны анықтау керек. Қазір бәрі World Boxing-ке қарай ойысып жатыр. Бұл ұйымның біздің талаптарға сай келетін-келмейтінін бағалаймыз. Бірақ IBA-ның жолы жабық, бұл ұйымның тарихы аяқталды, – деді Томас Бах.
Еске салайық, 2023 жылдың маусымында ХОК IBA-ны Олимпиада қозғалысынан шығару туралы шешім қабылдаған болатын. Париж Олимпиадасындағы бокс жарыстарын ұйымдастыру ХОК құрған арнайы бөлімше арқылы жүзеге асқан болатын.
Айта кетейік, осы жылы Қазақстан бокс федерациясы World Boxing-ке мүше болып қосылды, бірақ IBA құрамынан шықпады.
Қазіргі таңда Қазақстан құрамасы IBA ұйымдастырып отырған Азия чемпионатына қатысып жатыр.