Қорлан Жақанша: “Мен Wrestling Stars турниріне 4 күн ғана дайындалдым”
Күрес
ҰОК
Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Қорлан Жақанша 29 қарашада Астанада өтетін «Wrestling Stars» халықаралық турниріне дайындығы туралы және турнирдің фавориттері туралы Bassport.kz тілшісіне берген сұхбатында айтып берді.
“Мен бұл жарысқа небәрі 4 күн ғана дайындалдым. Себебі, менің дайындыққа уақытым болмады. Бірақ ең бастысы – мен психологиялық тұрғыда дайынмын,” – деді Қорлан Жақанша.
Айта кетейік, спортшы соңғы 4 айдан бері Алматы облысы, Талғар ауданындағы мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер қысқы спорт мектебінің директоры қызметін атқарып келеді.
Сонымен қатар, Қорлан турнирдегі фавориттерді атап өтті:
“Жарыстың басты фавориттері – Франк Чамизо, Ресей чемпионы Алан Багаев және менің қарсыласым Исхар Құрбаев,” – деді ол.
Естеріңізге сала кетейік, “Wrestling Stars” турнирі 29 қараша күні сағат 18:00-де “Beeline” аренада өтеді.