Wrestling Stars күрес турнирінің жүлде қоры белгілі болды

Wrestling Stars күрес турнирінің жүлде қоры белгілі болды
Күрес

Instagram: @dauren_erkin

29 қарашада Астанада өтетін «Wrestling Stars» халықаралық турниріне арналған баспасөз мәслихатында Bassport.kz тілшілері турнирдің бас ұйымдастырушысы Дәурен Еркінұлынан жүлде қоры туралы ақпарат сұрады.

Вице-президенттің айтуынша, турнирдің жүлде қоры төмендегідей бөлінген:

1-орынға 3000$

2-орынға 2000$

3-орынға 1000$

Сондай-ақ, жарысқа қатысатын жұлдызды балуандардың өзара келісімдеріне сәйкес сыйақылары қарастырылған.

Айта кетейік, жарысқа екі дүркін әлем чемпионы, төрт дүркін Еуропа чемпионы Франк Чамисо (Италия), Әлем чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері Азамат Дәулетбеков, Азияның екі дүркін чемпионы, әлем чемпионатының қола жүлдегері Данияр Қайсанов, Ресей чемпионы Алан Багаев, 23 жасқа дейінгі әлем чемпионы Ұлықбек Жолдошбеков (Қырғызстан), Азия чемпионы Санжар Досжанов, Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Қорлан Жақанша және басқа да танымал спортшылар қатысады.

Жарыс 29 қараша күні сағат 18:00 “Beeline” аренада өтеді.