Ризабек Айтмұхан әлем чемпионы атанды
Күрес
Қазақстандық балуан Ризабек Айтмұхан Тиранада өтіп жатқан күрестен әлем чемпионатының (U23) чемпионы атанды, деп хабарлайды Bassport.kz.
97 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Ризабек финалда ирандық Махди Мұхарамәли Морафамен белдесті. Ризабек Айтмұхан қарсыласын 11:6 есебімен жеңді.
Осылайша, Ризабек 3 түрлі жас санатында әлем чемпионатында алтын алған тұңғыш қазақ балуанына айналды. Еске сала кетейік, Ризабек былтыр Белградта ересектер арасында (92 кг дейінгі салмақ), ал биыл Понтеведра қаласында 20 жасқа дейінгі палуандар арасында әлем чемпионы (97 кг дейінгі салмақ) атанған.