Ризабек Айтмұхан әлем чемпионатының финалына шықты
Күрес
Спортты дамыту дирекциясы
Еркін күрестен Ұлттық құраманың көшбасшысы Ризабек Айтмұхан Тиранада өтіп жатқан күрестен әлем чемпионатының (U23) ақтық сынына шықты, деп хабарлайды Bassport.kz ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Отандасымыз 97 кг дейінгі салмақтың жартылай финалында Шамиль Имам Гаджалиевті (Бейтарап атлет) ұтты. Есеп: 7-4. Енді ертең бас жүлдені қазақ палуаны Махди Мұхарамәли Морафамен (Иран) сарапқа салады.
Еске сала кетейік, Ризабек былтыр Белградта ересектер арасында (92 кг дейінгі салмақ), ал биыл 20 жасқа дейінгі палуандар арасында әлем чемпионы (97 кг дейінгі салмақ) атанған.