«Қазақстан Барысы» қатысушыларының салмақ өлшеу рәсімі өтеді
2024 жылғы 25 қазан күні сағат 16:00-де «Барыс Арена» мұз сарайында турнир қатысушыларының салмақ өлшеу рәсімі өтеді, деп хабарлайды Bassport.kz
Іс-шараны Қазақстан Кәсіби Бокс Комиссиясының Президенті және белгілі спорт комментаторы Арман Момынов жүргізеді.
Айта кетсек, бұған дейін «Қазақстан барысы» республикалық турнирінің қатысушылары Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен өткен «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына белсенді түрде қатысты.
Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылғы 26 қазанда сағат 12:00-де қазақ күресінен Республикалық «Қазақстан Барысы» турнирі өтеді, мұнда Қазақстанның барлық өңірінен келген 43 балуан «Қазақстан Барысы – 2024» алтын белдігі үшін күреседі. Турнирдің жалпы жүлде қоры 27 100 000 теңгені құрайды, оның ішінде 3 720 000 теңге спортшылардың жаттықтырушыларына беріледі.
Жүлделер келесідей бөлінеді:
1-орын үшін — 15 000 000 теңге,
2-орын үшін — 3 300 000 теңге,
3-орын үшін — 1 080 000 теңге.
Әр жеңіске жеткен белдесуі үшін балуан 100 000 теңге алады.