Зарина Дияс Түркиядағы турнирдің жартылай финалына шықты

Зарина Дияс Түркиядағы турнирдің жартылай финалына шықты
Теннис

instagram.com/zarinadiyas

Қазақстандық теннисші, әлемнің 488-ракеткасы Зарина Дияс Кайсери (Түркия) ITF W50 турнирінің жартылай финалына шықты. Bassport.kz бұл туралы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап хабарлайды. 

Қазақстандық теннисші ширек корт иесі Дениз Дилекпен шеберлік байқасты. Бірінші партияда Зарина бет қаратпады - 6:0. 

Екінші сетті де көпке ұзатпады - 6:2. Бір сағатқа жетпейтін уақыт ішінде Зарина 7 брейк жасап үлгерді. Дилек 2 брейкпен көзге түсті. Зарина Дияс финалға шығу үшін рейтингіде өзінен үш саты жоғары тұрған ресейлік Екатерина Маклаковамен таласады. Ол бір сағат 50 минутта әлемнің 249-ракеткасы, словениялық Далила Якуповичтен айласын асырды - 1:6, 7:6 (7:0), 6:2.