Әбужақынова мен Тынбаева әлемдегі үздік 10 дзюдошының қатарына енді
ҰОК
Әбиба Әбужақынова Әбу-Дабидегі Grand Slam турнирінен кейін әлемдік рейтингідегі орнын сақтап қалды. Bassport.kz бұл туралы 1bol.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
БАӘ-де өткен кезекті маңызды жарыста үшінші орынға ие болған отандасымыз 48 келіде үздіктер арасында 4-орынға жайғасқан.
Бұл салмақта үздіктер көшін Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері, әлем чемпионы, моңғолиялық Бавуудоржийн Баасанхуу 7226 ұпаймен бастап тұр. Екінші орында Италия өкілі Ассунта Скутто 6 212 ұпаймен келеді. Үздік үштікті Париж Олимпиадасының чемпионы Нацуми Цунода 5 550 ұпаймен түйіндеді. Бұл ретте отандасымыздың еншісінде 5 528 ұпай бар. Ол биыл Абу Дабиде өткен әлем чемпионатында қола жүлдеге қол жеткізді. Ал Париж Олимпиадасында қола медаль үшін күресіп, алайда швед дзюдосына жол берді.
Сондай-ақ бұл салмақта белдесетін тағы бір қазақстандық дзюдошы Ғалия Тынбаева 10-орынға жайғасты. Бір ай бұрын Загреб Гран Приінде күміс жүлдегер атанған ол 9-орынға көтерілді.