Әбиба Әбужақынова Әбу-Дабидегі Gran Slam турнирінде қола алды
Дзюдо
ҰОК
Дзюдодан Қазақстан командасының өкілі Әбиба Әбужақынова Абу-Дабиде (БАӘ) өтіп жатқан Grand Slam турнирінде үшінші орын алды. Bassport.kz бұл туралы ҰОК-ге сілтеме жасап хабарлайды.
Ол 48 келіге дейінгі салмақта қола жүлдегер атанды.
Үшінші орынға таласта Әбиба германиялық Сара Ишті мерзімінен бұрын жеңді.