Бүгін түнде Қазақстан құрамасы сырт алаңда Аустриямен кездеседі

Бүгін түнде Қазақстан құрамасы сырт алаңда Аустриямен кездеседі
Футбол

ҚФФ

Футболдан Қазақстан құрамасы UEFA Ұлттар лигасының В дивизионында үшінші ойынын сырт алаңда Аустрияға қарсы өткізеді. Bassport.kz бұл туралы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап хабарлайды. 

Ел құрамасы аталған турнирдің үшінші тобында сынға түседі. Қарсыластары - Норвегия, Словения және Австрия құрамалары. Қазірге дейін қазақстандық футболшылар өз алаңында Норвегиямен 0:0 есебімен тең түсіп, сырт алаңда Словенияға 0:3 есебімен жол берді. Аустрия және Қазақстан кездесуі елорда уақытымен Линц қаласындағы «Райффайзен Арена» стадионында 23.45-ке басталады. Ойын «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі. Екі құрама бұған дейін төрт мәрте кездесті. Қазақстандық футболшылар екі мәрте қарсыласына есе жіберсе, екеуінде құрамалар тең нәтижеге қанағат білдірді. Алдымен 2010 жылғы Еуропа чемпионаты іріктеу кезеңінде А тобында 0:2 есебімен жеңіліп, 0:0 есебімен тең ойнады. Одан кейін 2012 жылы әлем чемпионаты іріктеу кезеңінде С тобында алдымен 0:0 есебімен тіркелсе, сырт алаңда қарсыласқа 0:4 есебімен жеңілді. Бүгінгі кездесуге шотландиялық төрешілер қазылық етеді. Бас төреші қызметін Дональд Робертсон атқарады. Оған Дэвид Рум мен Росс Маклеод көмекшілік жасайды. Төртінші төреші де сол елдің өкілі Грант Ирвайн.