Рафаэль Надаль спорттық мансабын қашан аяқтайтынын айтты

Рафаэль Надаль спорттық мансабын қашан аяқтайтынын айтты
Теннис

unforcedtennis.com

Испаниялық әйгілі теннисші Рафаэль Надаль спорттық мансабын аяқтайтынын мәлімдеді. Спортшы 2024 жылы қарашада өтетін Дэвис кубогынан соң тенниспен қош айтыспақ. Bassport.kz бұл туралы 1bol.k-ке сілтеме жасап хабарлады. 

«Үлкен дулығаның» 22 дүркін чемпионы Надаль бұған дейін де карьерасын аяқтауына қатысты пікір білдірген. Ол «Ролан Гаррос» алдында бұл турнир өзінің карьерасындағы соңғысы болуы мүмкін екенін де алға тартқан болатын.

Надаль – теннис тарихындағы ең табысты спортшылардың бірі. 38 жастағы испаниялық 209 апта бойы әлемнің бірінші ракеткасы болды, «Ролан Гарросты» 14 рет жеңген. Одан қалды, екі рет Олимпиада ойындарында топ жарды. Теннисші карьерасында жекелей сында 92 титул ұтып алған, соның ішінде 36-сы «Мастерс» сериясына тиесілі.