Жәнібек Әлімханұлы Михайловичті 9-раундта нокаутқа түсірді
No Limit Boxing
Сиднейде өткен кәсіпқой бокс кешінде қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11 КО) жаңазеландиялық Андрей Михайловичті 9-раундта нокаутпен жеңді. Bassport.kz бұл туралы 1bol.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Әлімханұлы мен Михайлович орта салмақта IBF және WBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атақтары үшін жекпе-жек өткізді. Бұл кездесу он екі раундқа жоспарланған еді, дегенмен, қазақстандық боксшы тоғызыншы раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті.
Осылайша, Жәнібек Әлімханұлы кәсіби мансабындағы он алтыншы жекпе-жегін жеңіспен аяқтап, IBF және WBO титулдарын сәтті қорғады, ал Андрей Михайлович өз мансабындағы алғашқы жеңілісіне ұшырады. Айта кетейік, бастапқыда Дүниежүзілік бокс ұйымы бұл жекпе-жекті санкциялаудан бас тартқан болатын.