Алан Құрманғалиев Сауд Арабиясында чемпион болды

Алан Құрманғалиев Сауд Арабиясында чемпион болды
Теннис

ҚТФ

Сауд Арабиясының Даммам қаласында үстел теннисінен WTT Youth Contender 2024 турнирі аяқталды. 17 жастағы қазақстандық спортшы Алан Құрманғалиев алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Bassport.kz 1bol.kz-ке сілтеме жасап. 

Ол 19 жасқа дейінгі спортшылар арасында топ жарды. Турнир барысында ол Сауд Арабия мен Үндістан спортшылары Муртадха Абу Абдулла, Абдулал Альхамис, Али Альтахер, Сарта Мишра, Джаш Моди, Анкур Бхаттачарджиді жеңді.