Жетісайда қыздар арасында волейболдан облыстық спартакиада өтті

Жетісайда қыздар арасында волейболдан облыстық спартакиада өтті
Волейбол

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Жетісай аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен Түркістан облысының құрылуына 6 жыл толуына орай волейболдан қыздар арасында Түркістан облысының VI спартакиадасы өтті. Бұл туралы Bassport.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. 

«Бекзат Саттарханов» атындағы спорт кешенінде өткен байрақты бәсекеге Шардара, Келес, Бәйдібек, Сайрам, Сарыағаш, Түлкібас, Түркістан, Отырар, Мақтаарал және Жетісай аудандарынан келген 10 командада 100-ге тарта спортшы өзара мықтыны анықтады. Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі ІІІ орынға Сайрам ауданының құрамасы табан тіресе, ІІ орын Жетісай ауданының бұрымдыларына бұйырды. Ал, жүлделі І орынды Шардара ауданының құрамасы алып, чемпион атанды.

Одан бөлек, Жетісай командасының ойыншысы Замира Егізбай «Үздік шабуылшы» атанса, сайрамдық ойыншы Махми Жұмантаева «Үздік ойыншы», Сарыағаш ауданының ойыншысы Нұрбану Ануарова «Үздік қорғаушы» және Шардара құрамасының ойыншысы Элвира Икрамбай «Үздік доп ұзатушы» номинацияларына ие болды. Жүлделі орынға ие болған командалар мен үздік ойын үлгісін көрсеткен жекелеген ойыншылар бағалы сыйлықтарымен және арнайы дипломдарымен марапатталды.