Сарыағаштық балуандар Азия чемпионы атанды

Сарыағаштық балуандар Азия чемпионы атанды
Күрес

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Оңтүстік Кореяның Мунгён қаласында 26-29 тамыз күндері дзюдо күресінен 2007-2008 жылы туған жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты өтті. Бұл туралы Bassport.kz Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Додада Түркістан облысы Сарыағаш ауданының жас дзюдошылары Сейітжан Маметов пен Сымбат Тағайбек Азия чемпионы атанды. Сары құрлық елдері арасында өткен күрес додасына барлық қатысушы жоғары дайындықпен келген.

Байрақты бәсекеде ел құрамасы сапында өнер көрсеткен 55 келідегі Сейітжан Маметов татамиде қарсылас шақ келтірмей, жеңістің шыңын бағындырды. Ал, 48 келіде тартысты додада бақ сынасқан Сарыағаш қаласының тұрғыны, аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің түлегі Сымбат Тағай - Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды.