Демеу Жадыраев: Спорттағы мансабыма қатысты нақты шешім қабылдамадым
Күрес
ҰОК
Грек-рим күресінен Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Демеу Жадыраев алдағы спорттық мансабына қатысты өз ойын айтты, деп хабарлайды Bassport.kz ҰОК-ге сілтеме жасап.
Балуанның айтуынша, ол әлі нақты шешім қабылдамаған.
«Қазіргі бар уақытым отбасыма арналып жатыр. «Жаттығу, жарыс» деп, жанұямнан үнемі жырақта жүрдім. Үйге келіп, қайтадан жаттығуға жиналатынмын. Енді осы олқылықтың орнын толтырып, жақындарыма уақыт арнаудамын. Келесі Олимпиада туралы әлі ойланған жоқпын. Спорттық мансабыма қатысты нақты шешім қабылдамадым», - деді Демеу.
Айта кетейік, Демеу Жадыраев грек-рим күресінен 77 келі салмақта Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері атанды.