Бублик Қытайдағы турнирдің ширек финалына жолдама алды

Бублик Қытайдағы турнирдің ширек финалына жолдама алды
Теннис

ҚТФ

Әлемнің 27-ракеткасы, қазақстандық теннисші Александр Бублик Қытайдың Чэнду қаласында өтіп жатқан ATP-250 санатындағы турнирдің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Bassport.kz Sport Plus Qazaqstan-ға сілтеме жасап.

Екінші айналымда ол әлемнің 174-ракеткасы аргентиналық Федерико-Агустин Гоместі екі сетте 6:4, 6:4 есебімен жеңді. Ойын 1 сағат 28 минутқа созылды.

Александр Бубликке Чэнду турнирінің ширек финалында ресейлік Роман Сафиуллин мен қытайлық Цзюнчэн Шан арасындағы матчтың жеңімпазы қарсылас атанады.