Әлем чемпионы Ризабек Айтмұқан сүйіктісіне ұсыныс жасады

Әлем чемпионы Ризабек Айтмұқан сүйіктісіне ұсыныс жасады
Күрес

Әлеуметтік желіден

Еркін күрестен әлем чемпионы Ризабек Айтмұқан сүйікітісіне ұсыныс жасады, деп хабарлайды Bassport.kz 1bol.kz. 

Аталған сәттің фото мен видеосы әлеуметтік желіде тараған. Әзірге спортшының өзі бұл туралы пікір білдірген жоқ.

Ризабек жақында Испанияның Понтеведра қаласында 20 жасқа дейінгілер арасында өткен әлем чемпионатында жеңімпаз атанған. Финалда ол әзербайжандық спортшы Хетаг Карсановті таза жыққан еді.

Отандасымыз былтыр ересектер арасында Белградта 92 келіде қарсылас шыдатпаған. Сөйтіп қазақтан шыққан тұңғыш әлем чемпионы атанған. Енді ол 23 жасқа дейінгілер арасындағы әлем біріншілігінде бақ сынайды.