Нокаутқа жіберемін: Жәнібек алдағы жекпе-жегіне қатысты мәлімдеме жасады
Ашық дереккөз
Әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) келесі жекпе-жегіне қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Bassport.kz 1bol.kz-ке сілтеме жасап.
Бұған дейін БАҚ-та Әлімханұлының Михайловичпен (21-0, 13 КО) кездесуі 19 қазанда Тим Цзю - Бахрам Муртазалиев шоуы аясында АҚШ-тың Орландо қаласындағы Caribe Royale Resort аренасында өтеді деген ақпарат тараған болатын. Қазақстандық боксшы Михайловичпен жекпе-жегі шоудан бұрын өтетінін мәлімдеді.
«Менің жекпе-жегім Цзюдың андеркартында болмайды. Менің жекпе-жегім сол жекпе-жектің алдында болады! Олар мен дайын болмайды деп ойлайды. Олар мен көп ақша сұрайды деп ойлайды! Жоқ, жігіттер! Сендер қателестіңдер! Мен сендердің жоспарларыңды бұзамын! Менің өз жоспарым және мақсатым бар! Мен оны нокаутқа жіберемін!»- деп жазды Әлімханұлы әлеуметтік желіде.
Айта кетейік, Әлімханұлы мен Михайлович арасындағы жекпе-жекте орта салмақтағы IBF және WBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионының екі белбеуі сарапқа салынады.