Нариман Құрбанов үйі мен көлігін кімге бергенін айтты

Нариман Құрбанов үйі мен көлігін кімге бергенін айтты
Гимнастика

Спортшының жеке архивінен

Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нариман Құрбанов Sport+ Qazaqstan тілшісіне берген сұхбатта өзіне сыйға тартылған сыйлықтарды кімге бергенін айтты, деп хабарлайды Bassport.kz.  

"Үйлену тойы бір аптадан кейін, келесі сенбіде болады. Кеше ғана ұзату өтті, қазір бәрінде жүйке жұқарды, үйлену тойына дайындалуда", - деді Нариман Құрбанов.

Қазақстандық спортшы алдағы Олимпиадада чемпион болғысы келетінін жасырмады.

"Жеке компания маған сыйлыққа берген көлікті әкеме бердім, кәсіпкерлер берген пәтерді анама сыйладым. Мен қазір гимнастикадан біраз алыстап кеттім, бірақ жақын арада залға ораламын. Жоғары нәтижеге жету үшін тағы төрт жыл жұмыс істеуге дайынмын. Өмірімді спортпен байланыстыраудамын. Содан кейін әлемдік университетке түсуді, барлық мән-жайды түсіну үшін менеджментті үйренуді жоспарладым. Содан соң елге оралғаннан кейін Қазақстанға барынша пайдамды тигізуге тырысамын", - деді спортшы.