Қазақстанның Бас прокуроры Олимпиада чемпионына бағалы сыйлық табыстады

Қазақстанның Бас прокуроры Олимпиада чемпионына бағалы сыйлық табыстады
Дзюдо

ҚР Бас прокуратурасы

Париж Олимпиадасында чемпион атанған Елдос Сметов еліміздің Бас прокуратура өкілдерімен арнайы кездесу өткізді, деп хабарлайды Bassport.kz ҚР Бас прокуратурасына сілтеме жасап. 

Бас прокурор Берік Асылов Елдосты Олимпиада ойындарындағы жеңісімен құттықтап, оның отандық спортты дамытуға және саламатты өмір салтын насихаттауға қосқан зор үлесіне жоғары баға берді.

Сметов бұл кездесуде Бас прокуратураның дене шынықтыру-сауықтыру кешенімен танысты. Сондай-ақ құзырлы орын басшылығы Олимпиада чемпионына алғыс хат пен бағалы сыйлық табыстады. 

Естеріңізге сала кетейік, Елдос Сметов Париж Олимпиадасында 60 келіде белдесіп, Қазақстан құрамасы қол жеткізген жалғыз алтынды иеленді. Ол турнир барысында 5 қарсыласын жеңіп, еліміздің тарихында Олимпиада чемпионы атанған алғашқы спортшы ретінде танылды.