Қазақстан пара волейболшысы Паралимпиадада рекорд орнатты

Қазақстан пара волейболшысы Паралимпиадада рекорд орнатты
Волейбол

Ашық дереккөз

Пара волейболдан Қазақстан құрамасының мүшесі Пердебай Наұратов бір ойында жинаған ұпай саны бойынша Париждегі Паралимпиада ойындарының рекордын орнатты, деп хабарлайды Bassport.kz Qazaqstan телеграм арнасына сілтеме жасап.

31 тамызда Босния мен Герцеговина командасына қарсы ойында Намуратов командаға 31 ұпай жинады. Әзірге бұл — барлық матчтан кейінгі қазіргі Паралимпиададағы ең жақсы көрсеткіш.

Өкінішке қарай, мұндай ұпай саны Қазақстан құрамасына Босния және Герцеговинаны жеңуге көмектескен жоқ. Тартысқа толы ойында қарсылас кманда бес сет қорытындысы бойынша 3: 2 есебімен жеңіске жетті.

Паралимпиаданың басында волейболдан Қазақстан командасы Францияны 3:0 есебімен жеңген еді. Қазақстандықтар келесі кездесуін 2 қыркүйекте Мысыр құрамасына қарсы өткізеді.