АҚШ ашық чемпионатында 5 теннисшіміз бақ сынайды

АҚШ ашық чемпионатында 5 теннисшіміз бақ сынайды
Теннис

ҚТФ

Нью-Йорк қаласында теннистен АҚШ ашық біріншілігі басталады. Биылғы «Үлкен дулыға» турниріне жекелей сында Қазақстан атынан бес теннисші қатысады, деп хабарлайды Bassport.kz.

Отандастарымыздың арасынан алғашқы болып кортқа әлемнің 27-ракеткасы Александр Бублик шығады. Ол дүниежүзілік рейтингіде 77-орында тұрған қытайлық, 19 жастағы Цзюнчэн Шанмен шеберлік байқасады. 

Әлемнің 60-ракеткасы Александр Шевченко рейтингіде 80-сатыдағы германиялық Доминик Кепфермен кездеседі. Ал, айтулы додаға іріктеу сайыстарынан соң қосылған Тимофей Скатовқа мықты қарсылас түсті. Ол әлемнің 7-ракеткасы, Польша өкілі Хуберт Хуркачпен кездеседі. 

Айта кетейік, былтыр қазақстандық үш теннисші де алғашқы бәсекесінде-ақ жеңіліп қалған еді. 

Қазақстанның әйелдер арасында бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина рейтингіде 194-сатыдағы аустралиялық Дестани Айаваны сынап көреді. Ал рейтингіде 32-орындағы Юлия Путинцева Чехияның 19 жастағы жұлдызы Линда Носковамен кортқа шығады.