Қазақ балуандары әлем чемпионатынан тағы екі медаль алды

Қазақ балуандары әлем чемпионатынан тағы екі медаль алды
Күрес

ҰОК

Иорданияның Амман қаласында өтіп жатқан күрес түрлерінен 17 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық балуандар Едіге Қасымбек пен Бақдәулет Әкімжан үздіктер қатарынан көрінді. 

Еркін күрестен 65 келі салмақта сынға түскен Бақдәулет Әкімжан кіші финалда грузиялық балуаннан басым түсті.

Бұл — аталған сында еркін күрес шеберлері жеңіп алған алғашқы жүлде. Грек-рим күресінің өкілдері 2 күміс, әйелдер күресінің өкілдері 3 қола медаль еншілеген болатын. Ал Едіге Қасымбек 17 жасқа дейінгі балуандар арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Еркін күрестен 110 келі салмақта бақ сынаған Едіге финалда америкалық спортшыға есе жіберді.