Едіге Қасымбек күрестен әлем чемпионатының алтын жүлдесіне таласады

Едіге Қасымбек күрестен әлем чемпионатының алтын жүлдесіне таласады
Күрес

ҰОК

Күрес түрлерінен Амманда өтіп жатқан 17 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионатында отандасымыз Едіге Қассымбек финалға өтті, деп хабарлайды Bassport.kz ҰОК-ге сілтеме жасап. 

Еркін күрестен 110 келі салмақта бақ сынап жатқан Едіге финалда америкалық Михаел Моккомен белдеседі. 

Турнир барысында қазақстандық балуан Үндістан, Жапония және Иран балуандарынан басым түсті. 

Айта кетелік, жақында Едіге Қасымбек өз салмағында Азия чемпионы атанған болатын.