Еркін күрес шеберлері әлем чемпионатының жартылай финалына өтті
Күрес
ҰОК
Иорданияның Амман қаласында өтіп жатқан күрес түрлерінен 17 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем біріншілігі шарықтау шегіне жақын. Бүгін еркін күрес шеберлері жарысты бастады, деп хабарлайды Bassport.kz ҰОК-ге сілтеме жасап.
65 келі салмақта Бақдәулет Әкімжан жартылай финалға өтті. Ол финал жолдамасы үшін таласта қырғызстандық Рустамжан Қахаровпен кездеседі. 110 келі салмақта Едіге Қасымбек те жартылай финалға жолдама алды. Оның қарсыласы - ирандық Аболфазл Мохаммад Нежат.
Айта кетелік, әзірге Қазақстан қоржынында 4 жүлде бар.