Данияр Шаяхметов тректегі велоспорттан әлем чемпионатында күміс медаль алды

Данияр Шаяхметов тректегі велоспорттан әлем чемпионатында күміс медаль алды
Велоспорт

ҰОК

Қазақстандық велоспортшы Данияр Шаяхметов тректегі велоспорттан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында күміс медаль иеленді, деп хабарлайды Bassport.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап. 

Велошабандоз кейрин бағдарламасында сынға түсті. Ол жеңімпаздан +0.026 секундқа ғана қалып қойған. Осылайша, әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Айта кетелік, тректегі велоспорттан жасөспірімдер арасындағы әлем біріншілігі Қытайда өтіп жатыр. Турнир 21-25 тамыз аралығына жоспарланған.