Күрестен әлем чемпионаты: қазақстандық екі балуан финалға өтті

Күрестен әлем чемпионаты: қазақстандық екі балуан финалға өтті
Күрес

Olympic.kz

Иорданияның Амман қаласында күрес түрлерінен 17 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем біріншілігі жалғасуда, деп хабарлайды Bassport.kz ҰОК-ге сілтеме жасап.

Алғашқы жарыс күнінде грек-рим күресінің шеберлері бақ сынады. Әзірге екі қазақстандық балуан финалға шықты.

55 келі салмақта Алпамыс Болатұлы ақтық сынға жолдама алды. Іріктеуде ол Жапония, Иран және Армения балуандарын ірі есеппен жеңді. Алпамыстың финалдағы қарсыласы - америкалық Джейден Скотт Рэйни.

80 келідегі Еркебұлан Анапия да әлем чемпионатының финалында белдеседі. Ол жартылай финалда әзербайжандық балуаннан басым түсті. Анапияның финалдағы қарсыласы - нейтралды ту астында өнер көрсететін Михаил Шкарин.

Сондай-ақ 48 келідегі Едіге Төлеутаев қола медальға күреседі. Ол жартылай финалда ирандық балуанға жол берген.