Кукушкин US Open-2024 турнирінде жеңіліп қалды

Кукушкин US Open-2024 турнирінде жеңіліп қалды
Теннис

sportx.kz

Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин (ATP рейтингінде 136-орын) US Open іріктеу кезеңінің екінші айналымында бақ сынады, деп хабарлайды Bassport.kz Prosports.kz-ке сілтеме жасап.

Әлемнің 136-ракеткасы Кукушкин аргентиналық Марко Трунгельитиден 6:1, 4:6, 6:7 (6:10) есебімен жеңіліп қалды.

Тартысқа толы өткен кездесу 3 сағатқа созылды.

Айта кетейік, теннистен АҚШ-тың ашық біріншілігінің негізгі топтамасындағы жарыс 26 тамызда басталады.