Дзюдодан Қазақстан жастар құрамасы Азия чемпионатына қатысады
Olympic.kz
Дзюдодан Қазақстан жастар құрамасы Азия чемпионатында бақ сынайды. Бүгінде турнирге қатысатын отандық спортшылар белгілі болды, деп хабарлайды Bassport.kz ҰОК-ге сілтеме жасап.
Жастар арасындағы құрлықтық біріншілік 31 тамыз бен 1 қыркүйек арасында Оңтүстік Кореяның Мунгён қаласында өтеді. Аталған сында ел намысын 19 жас атлет қорғамақ.
Назарларыңызға Қазақстан командасының құрамын ұсынамыз:
Ұлдар: 60 келі: Данияр Кулушев, Мадияр Серіков 66 келі: Аян Байкенжеев 73 келі: Ернар Кеңесхан 81 келі: Глеб Азаров, Данил Крылов 90 келі: Егорь Раков -100 келі: Дінасыл Тәттімбек +100 келі: Жантілек Нұртілепұлы
Қыздар: 48 келі: Сабина Юлдашбекова, Тасним Абдуали 52 келі: Аяулым Қайрат, Нұрайлым Сәрсенбек 57 келі: Дина Мұханбет 63 келі: Ұлдана Таңжарықова 70 келі: Әділ Сағира -78 келі: Анастасия Нагачевская +78 келі: Руслана Махатова
Қазіргі таңда Қазақстан құрамасы Қырғызстанның Ыстық-көл аймағында оқу-жаттығу жиынына қатысып жатыр.