Самбошылар Қырғызстандағы әлем кубогын 8 медальмен бастады

Самбошылар Қырғызстандағы әлем кубогын 8 медальмен бастады
Күрес

Туризм және спорт министрлігі

Шолпан-ата қаласында самбодан әлем кубогы өтіп жатыр, деп хабарлайды Bassport.kz Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Жарыстың алғашқы күні спортшылар 12 салмақта жүлдеге таласты. Қазақстан командасының самбошылары 1 күміс, 7 қола жүлде жеңіп алды.

Олар: Күміс жүлдегер – Серікбай Нығмет (спорттық самбо, 71 кг);

Қола жүлдегерлер – Маржан Бизақ (59 кг), Айнұр Төребай (59 кг), Асылжан Орынбасарова (65 кг), Аружан Сатова (65 кг), жауынгерлік самбо – Маратбек Рахметоллин (64 кг), Бақытжан Дүйсембеков (79 кг), Қанағат Мағмұр (98 кг):

Енді 2-жарыс күні қалған 14 салмақтың жүлдегерлері белгілі болады.