«Барыс» Президент кубогына қатысатын ойыншылар тізімін жариялады

championat.com
«Барыс» командасы шайбалы хоккейден ҚР Президенті кубогына қатысатын ойыншылар тізімін жариялады, деп хабарлайды Bassport.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«Барыс» командасы шайбалы хоккейден ҚР Президенті кубогына қатысатын ойыншылар тізімін жариялады.
Көптеген хоккейші Қазақстан олимпиадалық құрамасына шақырту алған. Сондықтан елордалық команда сапында клуб жүйесіндегі жас ойыншылар өзінің шеберлігін көрстеуге мүмкіндік алып отыр.
Халықаралық турнир 14-18 тамыз аралығында елордада өтеді. Турнирге қатысушылар қатарында «Барыстан» басқа ресейлік «Амур» (Хабаровск), «Лада» (Тольятти) командалары бар. Сондай-ақ оған алдағы олимпиадалық іріктеудің финалдық кезеңіне дайындалатын Қазақстан құрамасы қатысады.
Ойыншылар тізімі төмендегідей:
Қақпашылар: №33 Юхан Маттссон, №55 Владимир Никитин.
Қорғаушылар: №7 Абылайхан Сүлейменов, №8 Никита Камалов, №15 Аслан Жүсіпбеков, №18 Глеб Решетько, №28 Натан Больё, №82 Уилл Бутчер, №89 Хақназар Кеңесбай, №91 Никита Волосенков.
Шабуылшылар: №5 Олег Бойко, №9 Коннор Смит, №11 Всеволод Логвин, №13 Дінмұхамед Қайыржан, №17 Әлихан Өмірбеков, №19 Уэйд Эллисон, №21 Владислав Кодола, №22 Асанәлі Саркенов, №40 Даниил Апальков, №70 Семён Симонов, №72 Абзал Әлібек, №78 Егор Смольянинов, №88 Дамир Жафяров, №98 Никита Колобов.
Аталған турнирде команда капитаны міндетін Дамир Жафяров атқарады. Оған Даниил Апальков пен Дінмұхамед Қайыржан көмектеседі.
Жарысқа қатысушылар алдымен айналмалы жүйеде шеберлік байқасады. Содан кейін қорытынды орындарды анықтау үшін шешуші ойындар өтеді.