Көлік мінгізді: Әбиба Әбужақыноваға Астанада ерекше құрмет көрсетілді

Көлік мінгізді: Әбиба Әбужақыноваға Астанада ерекше құрмет көрсетілді
Дзюдо

Париж Олимпиадасында сынға түскен қазақстандық дзюдошы Әбиба Әбужақыноваға елордада ерекше құрмет көрсетілді, деп хабарлайды Bassport.kz. 

Отандасымызға темір тұлпардың кілтін табыстаған депутат, "Республика" партиясының төрағасы Айдарбек Ходжаназаров әлеуметтік желідегі парақшасында Әбибаны күтіп алған сәттен видео жариялады.

Бейнежазбадан астаналықтардың Әбиба Әбужақынованы әуежайдан ыстық ықыласпен күтіп алғанын көруге болады. Жанкүйерлер дзюдошыға гүл беріп, тілегін жаудырып, ерекше құрмет көрсетті. Ал "Республика" паритясының төрағасы Айдарбек Ходжаназаров пен мәслихат депутаты Қайрат Маишев спортшы аруға жаңа көліктің кілтін тарту етті.