Грек-рим күресі: Айдос Сұлтанғали қырғызстандық әлем чемпионынан жеңілді
Күрес
Olympic.kz
Париж Олимпиадасында балуандар бәсекесі басталды. Алғашқы жарыс күнінде грек-рим күресінен 60 және 130 келі салмақтағы балуандар бақ сынап жатыр, деп хабарлайды Bassport.kz ҰОК-ге сілтеме жасап.
Өкінішке қарай, 60 келі салмақтағы балуанымыз Айдос Сұлтанғали бірінші белдесуде қырғызстандық әлем чемпионы Жоламан Шаршенбековке есе жіберді.
Енді Айдос қарсыласы финалға шыққан жағдайда жұбаныш белдесуіне қатысады.