Кукушкин әлемдік рейтингіде 121-орынға көтерілді

Кукушкин әлемдік рейтингіде 121-орынға көтерілді
Теннис

ҚТФ

Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (ATP) жекелей және жұптық сындағы жаңартылған рейтингіні жариялады, деп хабарлайды Bassport.kz.  

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик рейтингідегі 25-орнын сақтап қалса, Александр Шевченко 56-орыннан 58-ге  төмен сырғыды. 

Ал, Михаил Кукушкин 134-орыннан 121-орынға көтеріліп, рейтингідегі орнын жақсартты. Тағы бір отандасымыз Денис Евсеев 166-дан 181-ге, Дмитрий Попко 185-тен 187-ге, Тимофей Скатов 189-дан 191-ге төмен сырғыды. 

Жұптық сында Александр Недовесов 54-тен 59-орынға, А.Бублик 130-дан 133-сатыға төмендесе, Андрей Голубев 148-орынға жайғасты. 

Анна Данилина жұптық сында 48-орнында қалса, Жібек Құламбаева 135-тен 134-ке жоғарылады.