Кукушкин Португалиядағы жарыстың жартылай финалына шықты

Кукушкин Португалиядағы жарыстың жартылай финалына шықты
Теннис

ҚТФ

Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин Порту (Португалия) челленджер турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Bassport.kz

Отандасымыз ширек финалда рейтингіде 678-орында тұрған испаниялық Алекс Мартинесті екі сет қорытындысы бойынша 6:4, 6:1 есебімен жеңді. 

Кездесу 1 сағат 15 минутқа созылды.

Енді Кукушкин финалға шығу үшін әлемнің 249-ракеткасы, даниялық Аугуст Хольмгренмен шеберлік байқасады.