Зарина Дияс әлемдік рейтингіде бірден 59 сатыға жоғары көтерілді

Зарина Дияс әлемдік рейтингіде бірден 59 сатыға жоғары көтерілді
Теннис

instagram.com/zarinadiyas

Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жекелей және жұптық сында жаңартылған рейтингіні жария етті, деп хабарлайды Bassport.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.

Қазақстанның көшбасшы теннисшісі Елена Рыбакина төртінші орнын сақтаса, Юлия Путинцева 30-дан 32-ге сырғыды.

Өткен аптада Е.Рыбакина денсаулығына, Ю.Путинцева жарақатына байланысты Париж Олимпиадасына қатысудан бас тартқан еді. Әйтсе де Олимпиада ойындары Халықаралық теннис федерациясы аясында өткізілетіндіктен мұндағы нәтиже WTA рейтингісіне әсер етпейді.

Жібек Құламбаева 441-ден бірден 19 сатыға жоғарылап, 422-ден бір шықты. Сондай-ақ Зарина Дияс 649-дан 590-орынға (+59) көтерілді.

Әлемдік рейтингіде көш басындағылар өзгерген жоқ. Польша өкілі Ига Швентек бірінші, америкалық Кори Гауфф екінші, белоруссиялық Арина Соболенко үшінші сатыда тұр.

Жұптық сында Анна Данилина 48-орнында қалса, Ж.Құламбаева 140-тан 139-ға ауысты. Мұнда жаңазеландиялық Эрин Рутлифф көш бастаса, чехиялық Катерина Синякова мен канадалық Габриэла Дабровски оны өкшелеп келеді.