Сайрамдық бұрымды балуандар Азия чемпионатында қос медаль олжалады
Күрес
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Таяуда Иордания мемлекетінің астанасы Амман қаласында 17 жасқа дейінгі қыздар арасында күрестен Азия чемпионаты өтті, деп хабарлайды BasSport.kz.
Аталған жарыста Сайрам ауданының қос балуан қызы екі медаль еншіледі.
Байрақты бәсекеде Сайрам ауданына қарасты Ынтымақ ауылының №24 М.Мақажанов атындағы жалпы білім беретін мектебінің оқушысы Зейнеп Эламас 69 келі салмақ дәрежесінде күміс жүлдеге қол жеткізді. Сонымен қатар аталған бәсекеде ауданға қарасты Ақбұлақ ауылындағы №18 Ә.Құрмантаев атындағы жалпы білім беретін мектебінің оқушысы Ақбота Қадір 73 келі салмақта қола медаль қоржынға салды.