Қазақстандық спортшы Иракта үстел теннисінен өткен турнирде топ жарды
Теннис
Prosports.kz
Сүлейманияда (Ирак) үстел теннисінен WTT Youth Contender халықаралық турнирі аяқталды, деп хабарлайды BasSport.kz Prosports.kz-ке сілтеме жасап.
19 жасқа дейінгі категорияда қазақстандық Сарвиноз Миркадирова алтын жүлде жеңіп алды.
Ол Фатима Мусаны (Ирак) 3:0, Йекта Адибианиді (Иран) 3:2, Заара Тахерді (Ирак) 3:0, Атена Захирифарды (Иран) 3:0, жартылай финалда Элина Рахимиді (Иран) 3:1 есебімен ұтты.
Финалдық кездесуде Миркадирова Таниша Котечадан (Үндістан) 3:1 есебімен мықты болды.