«Ақтөбе» командасы еуромаусымды ерте аяқталды
«Ақтөбе» Конференция лигасының бірінші айналымынан ары аса алмай, еуромаусымды ерте аяқтады, деп хабарлайды BasSport.kz.
Бір апта бұрын Қобыланды батыр стадионында өткен матчта «Сараеводан» 0:1 есебімен жеңілген «ақ-қызылдар» қарымта кездесуді қарқынды бастады. Жасыл алаңда тартысқа толы ойын көрдік. Алдымен «Ақтөбе» сапынан Ыдырыс Ұмаев гол соғып, қос ойын қорытындысы бойынша есепті теңестірді. Әрмен қарай ойын көрігі одан сайын қыза түсті. Босниялықтар өз алаңында есе жібергісі келмейтіндіктерін байқатып, шабуылға шығып, Щайкий қорғаған қақпаға қауіп төндіріп бақты. Ұрымтал сәттердің бірінді алаң иелері сапынан Гиорги Гуляшвили гол соғып, басымдықты қайтадан өз қолдарына алды. Ақтөбеліктер де қарап қалмады. Қос қапталмен шабуыл өрбітіп, қақпаға соққы бағыттап, гол соғудың жолын қарастырды. Кездесудің 75-минутында Әділхан Таңжарықов командаластары мен қазақстандық жанкүйерлерге қуаныш сыйлады. Осылайша, матч овертаймға дейін ұласты. Қосымша уақытта да екі гол болды. Жайро Жанның голына бірнеше минуттан кейін Ренан Оливейра жауап қатты. Екі матч қорытындысы бойынша ойын 3:3 есебімен аяқталып, жеңімпаз пенальти сериясында анықталды. Ал онда босниялықтар басым болды. «Ақтөбеден» Дорни Ромеро мен Максим Самородов гол соға алмады. Салдарынан «Ақтөбе» үшін биылғы еуромаусым аяқталды.