Недовесов Швециядағы жарыстың жартылай финалына шықты
Теннис
Спортты дамыту дирекциясы
Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 49-ракеткасы Александр Недовесов Бостад (Швеция) ATP 250 турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды BasSport.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.
Жарыстың 1-ракеткалары болып тіркелген А.Недовесов - эквадорлық Гонсало Эскобар ширек финалда Аргентина өкілі Федерико Кориа - жапониялық Таро Дэниелді жолдан тайдырды.
Бірінші партияда аргентиналық-жапониялық дуэт 6:4 есебімен басым түскенімен, Недовесов - Эскобар камбэк жасай білді - 6:3, 11:9.
Бір сағат 20 минутқа созылған бәсеке барысында екеуі 4 эйспен бірге 8 брейк-пойнттың екеуін пайдаланды.
Қазақстандық-эквадорлық жұп финалға шығу үшін франциялықтар Мануэль Гинар - Грегуар Жакпен таласады.