Недовесов Швециядағы турнирдің ширек финалына жолдама алды
ҚТФ
Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 49-ракеткасы Александр Недовесов Бостад (Швеция) ATP 250 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды BasSport.kz Kаzinform-ға сілтеме жасап.
Жарыстың 1-ракеткалары болып тіркелген А.Недовесов – эквадорлық Гонсало Эскобар бастапқы кездесуін португалиялықтар Нуну Боржеш – Франсишку Кабральмен өткізді.
Бірінші партияда португалиялық жұп айқын басымдылық танытты – 6:1. Есесіне қазақстандық-эквадорлық жұп камбэк жасай білді – 6:3, 10:5. Екеуі бір сағат 18 минутқа созылған бәсеке барысында 2 эйспен бірге 6 брейк-пойнттың біреуін пайдаланды. Боржеш – Кабраль 5 эйс, 2 брейкпен көзге түсті.
Александр Недовесов – Гонсало Эскобар жартылай финалға шығу үшін Аргентина өкілі Федерико Кориа – жапониялық Таро Дэниелмен таласады.
Тағы бір қазақстандық, әлемнің 160-ракеткасы Денис Евсеев жекелей сында тартысты матчта рейтингіде 54-орындағы испаниялық Роберто Карбальес Баэнаға жол берді – 6:2, 3:6, 2:6.
Қазақстаннның екінші, әлемнің 56-ракеткасы Александр Шевченко Гамбург (Германия) ATP 500 жарысының екінші айналымында рейтингіде 35-сатыда тұрған италиялық Лусиано Дардериден ұтылып қалды – 3:6, 6:2, 3:6.