Станислав Черчесов пен Магомед Адиев кездесті

Станислав Черчесов пен Магомед Адиев кездесті
Футбол

ҚФФ

Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов пен ұлттық құраманың бұрынғы жаттықтырушысы Магомед Адиевпен кездесті, деп хабарлайды BasSport.kz ҚФФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Мәскеуде жолыққан Черчесов пенАдиев ұлттық құрамаға қатысты маңызды тақырыптарды қозғады. Кездесуде әр түрлі тақырыпта әңгіме өрбіді. Оның ішінде өткен Еуропа-2024 іріктеу кезеңіне шақырылған футболшылардың ойынын талдап, құраманың болашағы жайлы кеңесті.

Станислав Черчесов команда құрамын жасақтауда әрбір ойыншы жайлы жан-жақты ақпарат жинаудың маңызын атап өтті. Магомед Адиев болса, Қазақстан құрамасы жаңа бапкерлік құраммен халықаралық аренада ел намысын лайықты қорғайтынына сенім білдірді. Өз кезегінде, Станислав Черчесов Ресей чемпионатының жаңа маусымында Магомед Мұсаұлының жұмысына да сәттілік тіледі.