Әмір Омарханов Президент кубогын жеңіспен бастады

Әмір Омарханов Президент кубогын жеңіспен бастады
Теннис

ҚТФ

16 жастағы қазақстандық теннисші Әмір Омарханов Астанада өтіп жатқан ATP Challenger Tour турнирін жеңіспен бастады, деп хабарлайды BasSport.kz Kazinform-ға сілтеме жасап. 

Биыл Мадрид мастерс турнирінің іріктеу сайысында бақ сынаған Қарағанды теннис мектебінің түлегі Әмір Омарханов үшін бұл спорттық жолындағы алғашқы челленджер жарысы екенін айта кеткен жөн.

Әмірдің қарсыласы әлемнің 794-ракеткасы, ресейлік Максим Жуков 19 жаста болатын.

Бірінші сетте есеп 2:2 болған мезетте Омарханов брейк жасай білді. Сол басымдылық оған жеткілікті болды – 6:4.

Екінші сетте қазақстандық жас теннисші 5:2 есебімен алға кетіп, матчқа доп бергенде, ол мүмкіндігін пайдалана алған жоқ. Дегенмен ойынды эйспен түйіндеді – 6:4.

Сағат жарымнан астам уақытқа созылған бәсекеде Әмір 2 эйспен бірге 5 брейк-пойнттың үшеуін мүлт жібермеді. Жуков 1 эйспен (4 брейк-пойнт) шектелді.

Осылайша, ересектер арасында ATP жарысында алғашқы жеңісіне қол жеткізген Әмір Омарханов Президент кубогының ширек финалына шығу үшін әлемнің 533-ракеткасы, Саба Пурцеладземен таласады.