Алькарас екінші жыл қатарынан Уимблдон жеңімпазы болды
instagram.com/wimbledon
Әлемнің 3-ракеткасы, Испания өкілі Карлос Алькарас Уимблдон турнирінің чемпионы атанды, деп хабарлайды BasSport.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.
Испаниялық теннисші финалда әлемнің 2-ракеткасы, «Үлкен дулыға» жарысының 24 дүркін чемпионы, сербиялық Новак Джоковичпен бас жүлдені сарапқа салды. Өткен жылы финалда қос теннисші кездесіп, онда Алькарас бес сетке созылған матчта жеңіске жеткен еді. Осыған дейін «Үлкен дулыға» додаларында үш рет үздік шыққан испаниялық спортшы 21 жаста болса, Новак 37-де еді. Бұл жолы Карлос Алькарас 6:2, 6:2, 7:6 (7:4) есебімен басым түсті.
Екі сағат 30 минутқа созылған бәсеке барысында Алькарас 5 эйспен бірге 14 брейк-пойнттың бесеуін пайдаланды.
Джокович 8 эйс, 1 брейкпен (3 брейк-пойнт) көзге түсті.
Осылайша Карлос Алькарас екінші жыл қатарынан Уимблдонда қарсылас шақ келтірмеді. Ол 2 мың рейтингілік ұпайға қоса 3,4 млн АҚШ доллар көлемінде табыс тапты.
Н.Джокович 1 300 рейтингілік ұпаймен бірге 1,7 млн АҚШ долларын алады.