Рыбакина Уимблдон турнирінің жартылай финалына шықты

Рыбакина Уимблдон турнирінің жартылай финалына шықты
Теннис

Vesti.kz

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Уимблдонның жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды BasSport.kz.

Отандасымыз украиналық теннисші Элина Свитолинадан 6:3, 6:2 есебімен басым түсті. Матч 1 сағат 2 минутқа созылды. 

Айта кетейік, жартылай финалдық кездесуде Елена қарсыласы чехиялық теннисші Барбора Крейчиковамен кім мықтыны анықтайды.