Юлия Путинцева Уимблдонды жеңіспен бастады

Юлия Путинцева Уимблдонды жеңіспен бастады
Теннис

prosports.kz

Қазақстанның екінші ракеткасы Уимблдонның екінші кезеңіне шықты, деп хабарлайды BasSport.kz. 

Турнир басында қазақстандық ойыншы неміс Анжелик Керберді 7:5, 6:3 есебімен жеңді. Матч 1 сағат 19 минутқа созылды.

Юлия екінші айналымда К.Синякова (Чехия) – М.Стакусич (Канада) жұбының жеңімпазымен ойнайды.